Депутаттарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ашкөздігі шошытты

Тұрсынбек Өмірзақов,  Мәжіліс депутаты:

-50 пайызын  жинағанша кісі қартайып  кетеді. Болмаса  өліп  қалады. Дүниежүзінде 10 процентін жинайды сосын несие  береді. Бізде  50 процент. Жартысын жинағасын ғана несие  аламыз.  Менің ақшамды жинап үшінші кісіге береді? Ол дұрыс па? Дұрыс емес. Үкімет  ақша беріп жатыр. Оны неге ұқыптап бермейді?

Мемлекеттік банктің ашкөздігінен халықтың арзан пәтерге қолы жетпей жатыр.Үстемақының көптігін айтпағанда, комиссияны да аспандатқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқа коммерциялық банктерден еш айырмашылығы жоқ дейді Өмірзақов. Сондықтан бюджеттен қаржыландырылатын банкті сабасына түсіруді өтініп, премьер-министрдің атына хат жолдады. Мәжілісмендерге арзан пәтерге қатысты жаңа талап та ұнап отырған жоқ. Ол бойынша, егер жас жұбайлардың бірінің басқа қалада тіркеуде тұрғаны анықталса, дереу тізімнен сызылады екен. Яғни, отау құрғысы кеп жүрген қыз-жігіттерге, болашақ теңінің бір қаладан болуы маңызды. Депутаттар бұл ережені де алдыртып тастауға бекініп отыр.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

- Бұл дегенің басқа облысқа қыз беріп, қыз алмауды заңмен бекіткенмен бірдей. Масқара жағдай, тіпті Конституцияға қайшы әрекет.

Loading...