Ол елге бейнеүндеу жолдап, барынша сақ болуға шақырды. Айтуынша Қайрат Құдайберген үш күннен бері қатты ауырып жатыр. Коронавирустың белгілері айқын болып тұр, бір-ақ әлі нақты қандай дерт екенін білмеймін деді ол.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада өзіне қарамай жүрген адамдар маған қарасаңыздар болады. Жалпы, қандай ауру екенін білмеймін. Кеше ПЦР-тестті тапсырғанмын, нақты ертең ғана жауабы келеді деп айтты. Температура 38-39,5 арасында болып тұр, өте қиын. Үш күн осындай температура болып жатыр. Сақтаныңыздар! Туған-туысқандарыңызды, жақындарыңызды сақтап жүріңіздер! Бетперде киіңіз, қолғап киіңіз",– деді Құдайберген.
Бірақ бүгін кәіспкер "Өкінішке орай мен тапсырған ПЦР тестінің нәтижесі - коронавирус. Бірақ ин ша Аллах бәрі жақсы болады деп сенемін!", деп жазды.
Loading...
Кәсіпкер халыққа көмек беріп жүргенде қанша қорғанса да, коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін жеткізді. Содан кейін дене қызуын өлшеп, 39,2 градус екенін көрсетті. Тыныс алуы қиындап кеткен.
"Қанша қорғансам да, осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар, достар! Еліміз осы індеттен тезірек шықсын. Сау болыңыздар!", - деп атап көрсетті Құдайберген.