Елімізде Ұлттық банк төрағасы ауысқан соң теңгенің долларға қатысты құнсыздануы әдетке айналған сыңайлы. Мәселен Григорий Марченко 2009 жылы бас банкир болып тағайындалғаннан кейін доллардың құны 112 теңгеден 150-ге дейін бір-ақ шарықтады. Ал кресло Қайрат Келімбетовке бұйырғанда девальвация тағы қайталанып отыр. Жаңа төраға өткен аптада ғана жағдай қалыпты, уайымдауға «себеп жоқ» деп сендірген еді.
Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы:
– С завидным постоянством задают эти вопросы, и на каждой пресс-конференции я озвучиваю. Мы в целом считаем что ситуация на сегоднешний день не изменилась.
Бас банкирдің болжамы бір апта өтпей жоққа шығап отыр. Айта кетсек, тура 5 жыл бұрын да осындай жағдай қайталанған. Ол кезде де Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған Григорий Марченко девальвация «болмайды» деп ант су ішкенді. Бірақ құлдырау бәрібір болды. Доллар ол кезде 120-дан 150 теңгеге бір-ақ секірген. Марченко оның себебін мұнай бағасымен байланыстырды.
Григорий Марченко, Ұлттық банктің бұрыңғы төрағасы:
- Мы сделали разовое движение, вместо того чтобы двигаться постепенно, как делают другие страны. Девальвационные ожидания были, и мы их поддержали.
Инфляцияны ұтудың ең ыңғайлы жолы ретінде таңдалған девальвациядан соң Үкіметке бюджетті қайта есептеге тура келді. Бұл жолы да солай болатын сыңайлы.
-Теңгенің соңғы құнсыздануынан соң барлық облыс басшылары шұғыл түрде әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыруды қолға алған болатын. Бұл жолы да әкімдер қолдарынан келгенше әрекет жасауда. Ал көк қағазбен ипотека немесе ірі несие алғандардың мәселесі қалай шешілетіндігі жайлы жоғарыда әлі сөз қозғала қоймады.