Девальвацияға наразылық білдіргендер Ахметжан Есімовке өкпесін айтты

Баға өспейді дегені қайда?

Баға орнында ғой.

-Жүр кеттік, көрейік бірге.

-Өткен аптада картоптың келісі 65 теңге еді. Қазір 125 теңге.

Не олар картопты Америкадан әкеліп жатыр ма? Не сұмдық бұл

Айғайламаңыз, біз қадағалап отырмыз бәрін.

Бақылағандарыңа болайын сендердің

Ашулы топқа әкімнің өзі шықпағанымен бір топ шенділер жағдайды түсіндірмек болды. Айтуларынша, қаладағы барлық базарларда қазірше шамадан тыс бағаны көтеру фактілері тіркелмепті. Сондықтан алматылықтар әлеуметтік тауарлардан «тарылмайды» деп сендіріп отыр. Жиналғандардың арынынан сескенді ме, әкімдік алдына арнайы жасаққа дейін тартылған. Ал наразы топ, шенеуніктердің басу айтуынан соң девальвацияның себебін «сұраймыз» деп қайтадан Келімбетовтың кеңсесіне тартты. Тек бүгін Ұлттық банктегілер кірер есікті емес, сыртқы қақпасының өзін жауып алған екен. Сондықтан бас банкирмен жолықпақ түгілі, табалдырықтан да аттай алмай, тарқасты.


Халық шықпай жатыр. Қорқады. Сөйтіп жүргенде тағы девальвация болады. Айтқаным айтқан.