Ди Каприо барыстарды қайтарып жатқаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

“Сіздер естіңіздер ме? Жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен барыстарды Орта Азияға қайтаратын тұңғыш мемлекет – Қазақстан болмақ. Олар бір кездері шығыс Түркиядан Бали аралдарына дейінгі аралықта мекендеген. Алайда олардың саны сол уақыттан бері 90 пайызға дейін қысқарған.

Қазақстанның барыстарды қайтару туралы бастамасы жабайы табиғатты қорғауға серпін беріп, Tx2 мақсатына өз үлесін қосады”, – деп жазады Ди Каприо.


Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов барыстарды Қазақстанға қайтаруға уәде еткен болатын. Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстан бұл шара үшін 50 миллион доллар жұмсайды.