Ди Каприо мұхитты сақтап қалу қорына 6 млн. доллар қаржы аударды

Ақшалай қолдау көрсеткен актер қор өкілдерімен кездесуде сөз сөйледі.

«Біздің ғаламшарымыздағы мұхиттар мен су түрлерін қорғау бүгінде адамзаттың алдында тұрған басты мәселесі, - деп мәлімдеді ол. - Сонымен бірге, адамгершілік тұрғысынан да қарауымыз керек. Менің грантым  біздің мұхиттарымызды сақтап қалу бағытында  орасан зор жұмыстар атқарып жатқан «Oceana»-ға көмектеседі деп үміттенемін».


Қор директоры Энди Шарплесс өнер жұлдызына алғыс айтты, деп мәлім етті Myjane