Ди Каприоны челябілік театр сахнасында ойнауға шақырды

Бұл туралы театр директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары мәлімдеді.

«Ол айтарлықтай талантты, ол бес рет «Оскар» сыйлығына ұсынылды, бірақ бәрі сәтсіз болды, сондықтан біз оны қолдауды шештік. Шынтуайтына келгенде, бізде Мәдениет жылы, мәдениет адамдарды біріктіреді. Елдеріміз арасындағы (АҚШ пен Ресей) өзара байланыстар шиеленісті, президенттер өзі білсін, ал біз отбасымызбен дос боламыз», - дейді сұхбаттасушы.

Ю.Сычев театрға голливуд жұлдызын шақыру туралы таяуда шешім қабылданып, оның агенттеріне жіберілгенін айтады.

«Біз одан құрметті әртіс атағын қабылдауды сұраймыз, электрондық пошта арқылы оның агенттеріне ұсыныс жібердік. Келес аптаға қарай жауап болып қалар деген ойдамыз», - дейді агенттікпен сұхбаттасушы.


Оның айтуынша, Л.Ди Каприоға челябі театрының қойылымынан рөл табылған.

«Тұтқындағы аруақтар» қойылымында сөзі жоқ рөл бар, ол орыс тілін білмейтін шығар. Дегенмен актерлер рөлін жаттауы тиіс. Мұнымен қоса, «Азғындық пен махаббат» қойылымындағы рөлге де ол сәйкес келеді.