Диана ханшайымның кіші ұлы Гарридің Шымбұлақта демалуы көпшілікті таңғалдырды


Тіпті дәйек ретінде «Дейли Мейл» газеті ханзаданың бірнеше суретін де жариялапты. Ондағы ақпарға қарағанда, Гарри мен оның қалыңдығы Крессида Бонас демалыс кешеніне жеке тікұшақпен жеткізіліп, зәулім саяжайдың біріне жайғастырылыпты. Әзірге Англия еркесінің келіп-кеткендігін Шымбұлақ басшылығы растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Ал батыс ақпарат құралдары Гарридің әдеттегідей Швейцарияда емес, Қазақстанда демалуын ағасы ханзада Эндрюдің ықпалы болса керек деп жазуда. Өйткені Екінші Елизаветаның кіші ұлы Англияның сауда-саттық жүйесіндегі істі жүргізетін Қазақстандағы ресми өкілі екен. Сондықтан Шымбұлақ оның қысқы демалысын жиі өткеретін жерінің бірі көрінеді.