Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде "қаңтар оқиғасы" кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталып жатыр. Биылғы тамызда ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
40-тан аса тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Бұдан басқа, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.