Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Түркияға бірінші кезде Айнұр әпкемнің шақыртуымен бардым. Әлі де шақырса бара беремін. Арман туралы да жаман нәрсе айта алмаймын. Біреулер ол қашқын дейді. Менің өзіме жаманшылығы тимеген. Мен филармонияда қанша жыл жұмыс істеп, Түркістан облысы облыс болып жатқанда Түймебаев мырза әкім еді. Сол кісі еңбегімді бағалап бір бөлмелі үй берді. Жолдасым, қызым барлығымыз сол үйде тұрып кішкене қысылдық. Солай жүргенде Айекең бізді Түркияға шақырды. Ютубта да көрініп тұрған нәрсе ғой. Ән айтасың, ән айтып болған соң ақша қыстырады. Долларлар қыстырады. Біз олардан сұрамаймыз, өздері еңбекті бағалап беріп жатыр. Қарасақ 3000 доллардай түсіпті. Роза Әлқожа әпкеміз бар, сол кісіге бердік, бөлістік. Сол ақша ақша құрады. Мен жер тамға көшуіме Айнұр әпкенің шақыртуы себеп болды. Қандай қандай адам жақсылық жасаса да оның титымдай жақсылығын үлкен етіп айту - менің адами қасиетім деп ойлаймын", - дейді ол.
Әнші өзін "Арманның алдында ән айтатын әнші" деп сынайтындарға да жауап берді.
"Арманнан үй алып, артынан бармайсың ба деп айтып жатады. Енді мен кішкентай адаммын менің қолымнан ештеңе келмейді. Бірақ сол жақтан алып келген ақша берекелі болды. Менің үй алуыма Айнұр әпке мен оның жолдасы, Арман себепкер болған. Елдің біразы Арманның алдында өлең айтатын, Түркиядан шықпайтын әнші емес па дейді. Айта берсін өздері бара алмайды ғой. Өздерін неге шақырмайды? Ал егер, өзінде мен сияқты өнер болып барып кетсе, ол олай жазбас еді. Біз барсақ та Арекеңмен сөйлеспейтінбіз, тек ән айтатынбыз", - дейді Наркенже Серікбаева.