«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

 

Айтыскердің өзі болған жағдайға қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны

Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жарияланған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады.

Еске салайық, "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.


Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.