Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтармен кездескенін мойындады

Бұл туралы "Без монтажа" бағдарламасында айтылды, деп жазды stan.kz порталы.

Әнші өткен шақтағы өмірін, ата-ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылық өмірін салыстырды. Әкесі мен жолдасының бойынан бір мінез тапқанын айтты.

"Менің ата-анам 16 жасымда ажырасып кетті. 12 жасымнан бастап олар ұрыса бастады. Мен олардан ажыраспауын өтіндім. Ал, 16 жасқа толғанда оларға ажырасыңдар деген ұсынысты өзім айтты. Ата-ана ешқашан бала үшін тұрмауы керек. Ата-ана бақытты болмаса, бала да бақытты болмайды. Балаға бола өз өміріңді құртудың керегі жоқ. Мен сондықтан ата-анама осындай кеңес айттым. Бірақ мен әкемнің қызымын. Мен балаларының ішіндегі ең сүйіктісімін. Себебі жалғыз қызымын. Әкем маған көңіл бөлмеді, мейірімін төкпеді деп айта алмаймын. Маған әлі де әке ретінде жылуын төгіп келеді. Әлі де еркелетеді", - деді әнші.

Ахмадиева бір сұхбатында болашақ жарының бойынан әкесіне тән мінезді көргісі келетінін айтқан болатын. Қазіргі жолдасынан әкесіне ұқсайтын мінезді байқағанын мойындайды.

Айта кетейік, Дильназ Азильхан Сейітбаевпен отау құрды. Алғаш орындаушы мен әділ қазы болып танысқан жұп жас айырмашылығына қарамастан араға 4 жыл салып ерлі-зайыпты атанған. Бұл әншінің екінші некесі. Әнші бұдан бөлек те жігіттермен, отбасылы азаматтармен кездескенін жасырмайды.

"Мен жасы үлкен азаматтармен сөйлесе алмаймын. Олармен әңгімем жараспайды. Өзімнен кіші жігіттермен кездескенім рас. Отбасылы жігіттермен де кездестім. Бірақ олардың отбасылы екенін білмедім. Ал, білген кезде әрине кездесуді тоқтаттым. Мен үшін біреудің отбасын бұзу - ең жаман нәрсе. Себебі оның обалы бәрібір өзіңе қайтады. Мен оны білем. Алдау, арбау мұның бәрін өмірімде көрдім", - деді әнші.


Әнші бұдан бөлек жарнама қызметі жайлы айтты. Айтуынша, көп әншілер секілді қомақты қаражат талап етпейді екен.

"Мен кейбір әншілер секілді миллион теңге сұрамаймын. Парақшамда 300 мың теңгеге, Stories үшін 100 мың теңгеге жарнамалаймын. Бірақ алдағы уақытта бұл сома көтеріледі", - деді ол.

Бұндай аз ақша танымалдықтың азайғанынан емес, қанағаттың есебінен құрылған дейді өзі.