Димаш Джеки Чанның фильмдер апталығына қатысады


Қазақтың дарынды әншісі Димаш Құдайберген - Джеки Чанның фильмдер апталығының қонағы ретінде шақырылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Айта кетейік, Димаш Қытайда өткен I am Singer шоуына қатысқан кезде Джеки Чанмен танысқан болатын.  

Актер Димаштың өнеріне тәнті болып, онымен жеке кездесуге ниет білдірген. Кездесу барысында Джеки Чан жас әншіге эксклюзивті киім мен ән тыңдауға арналған құрылғыны сыйлады. Өз кезегінде Димаш та кездесуге құр қол бармай, актерге домбыра мен шапан сыйлап, Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқиссасын» тартып берді.