Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын.
Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені…
Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін.
Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жаннатта болсын.
Е Алла, құдіретті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артынан қалмасын. Елімізде мұндай қасірет қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым”, - деп жазды әнші.