Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады

Жексенбі, 8 қыркүйек күні Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатының алдында үлкен концерт өтеді. Концертті халық әртісі, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген  музыкалық композициямен аяқтайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ал, ойындардың ресми ашылу салтанаты кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған. Концерттік бағдарламаға бас-аяғы 3000 өнерпаз қатысады деген болжам бар. Көшпенділер ойынының ашылу салтанатындағы концерт те, ресми бағдарлама да бірнеше телеарнадан тікелей трансляцияланады. 

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлерінен бастау алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.