Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы NUR TILEÝ бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады
Белгілі өнер иесі Роза Қуанышқызы Димаш Құдайбергенді жоғары кәсіби әнші ретінде бағалайды. Бірақ ол оның даусына алаңдаушылық білдірді.
«Әншілердің дауысы өте нәзік. Егер оған күтім жасамаса, оны жоғалтып алуы мүмкін. Димаш өте көп саяхатқа шығады, әндерді жоғары нотада орындайды. Мен оның денсаулығы мен дауысына алаңдаймын. Мен оған кеңес бердім. Бірақ, оның ата-анасы – кәсіби әншілер. Мұны Димаштың өзі жақсы білуі керек. Кез-келген әншінің дауысын жоғалту қаупі бар. Димаш өз дауысын осы деңгейде сақтай ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Мен де дауысымды жоғалтпай, осы деңгейде ұстап, сахнада өнер көрсетсем деп армандаймын », – деді Рымбаева.