Димаш пен Тамара Асар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар.