Димаш қазақ сахнасына туған қарындасын алып шықты

28 сәуір күні Димаш қарындасы Раушанмен Қазақстан халықтарының ассамблеясы концертінде ән салады. Желіде концертке дайындық кезіндегі видео тарап үлгерді. Димаш қарындасымен бірге халық әні “Дудар-айды” шырқамақ.

“Раушантай, қадамың құтты болсын! Даусың қандай керемет! Балапандар, тіл көзден аман болыңдар!”, “Балапандарымызға ақ жол тілейміз! Алғашқы қадамы құтты және сәтті болсын!!!!”, “Керемет! Керемет! Керемет! Ата-анасына раxмет! Раушан сәттілік!!!”, – деп жазады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

29 сәуір мен 1 мамырға арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті

20 жастағы жігіт биені зорлаған