Димаш қазақ тілінде жаңа бейнебаян түсірді

Сахна жұлдызы бұл туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

"Достар! Бірнеше күн бұрын қазақ тіліндегі керемет бір ән бойынша бейнебаян түсірілімінің аяқталғанын қуана хабарлаймын. Таяуда жаңа ән мен жаңа видео жарыққа шығады", - деді Димаш Құдайберген.

Таяуда Димаш Қытайдағы ең үздік
шетелдік әнші деп танылды.

Сонымен қатар, әншінің қазақ тіліндегіалғашқы альбомы дайындалып жатқаны хабарланды.