Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып, елге оралды

Димаштың әлемдік турнесін халықаралық мамандар дайындады.

«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында жəне студияда өткіземін. Турнеде көріскенше», - деп жазды әнші Іnstagram парақшасында.

 Бұдан бөлек әнші өз жанкүйерлерінің қолдауы естіліп жатқан видео салды.

«Фуджоудағы концерттен үзінді. Мен жанкүйерлерімнің жанкүйерімін. Рахмет», - деп алғыс білдірді.