Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы атанды


Отандасымыз 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орынға 8 197 925 дауын жинаған оңтүстік-кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин жайғасты.
Ал үшінші орынға тағы бір оңтүстік-кореялық әнші Чим Ын У жайғасты. Оған 1 918 514 дауыс берген.

Айта кетейік, Димаштың бұған дейін "Азияның ең танымал әншісі" аталымы бойынша Қытайдың Top Chinese Music Awards жүлдесімен, "Ең үздік шетелдік шығармашылық жыл тұлғасы" аталымы бойынша MTV Global Chinese Music Awards жүлдесімен, сондай-ақ, Қытай мен Қазақстанның "Достық елшісі" жүлдесімен марапатталған еді.