Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрдәулет Димаш Құдайбергеннің және Қазақстанның белгілі домбырашысы, дирижер Абылай Тілепбергеновтың алдында бірнеше күй тартып, жоғары баға алған.
«Димаш Құдайберген – әлемдік сахнаның нағыз жұлдызы және заманымыздың көрнекті орындаушысы. Жұлдызды мәртебеге қарамастан, ол өнер жолын енді бастап жатқан жас музыкантпен танысқысы келетінін білдірді. Біз Димашқа Қазақстанның дарынды жастарының назары мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамыз», - делінген Кеңес Рақышевтың жазбасында.
«Домбыра-Дастан» байқауын «Сәби» Қоры 2021 жылы 6 мен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арнап бастаған болатын.
Байқаудың жүлде қоры 40 миллион теңге болды. Бұл қаражат еліміздің әр өңірінен келген сегіз жас орындаушыға берілген.