Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады


Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде хабарлады. "Достарым, ертең Астанада Орталық концерт залында 18:30-да Қытайдағы I am a singer байқауынан үлкен жеңіспен отанына оралған Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетеміз. Кіру тегін, барлығыңызды осы шараға шақырамын. Келіңіздер, достар, Димашты қарсы алайық!", - деп жазды министр. Ал әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, әнші елде біраз уақыт болады. "Алдағы шетелдік жұмыстар алдында сәл-пәл демалып аламыз ба деп жатырмыз", - деп хабарлады әншінің өкілі. Айта кетейік, әнші Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауында екінші орын алған болатын. Сонымен қатар, ол үш бірдей музыкалық жүлде иеленді.