Димаш Құдайберген Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Бүгін Францияның Канн қаласында өтіп жатқан әйгілі кинофестивальде Димаш Құдайберген қызыл кілеммен жүріп өтті. Бұл туралы әншінің ресми өкілі Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Еске сала кетсек, дәстүрлі фестиваль биыл 70 мәрте ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ биыл аталған шарада тұңғыш рет Қазақстанның павильоны ашылады.

Ал аты әлемге тарала бастаған Димаш Құдайберген осы шарада ән салады деп күтілуде.