Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Димаш Құдайберген аталған суретін Instagram желісіндегі жеке парақшасына жүктеді: "Бүгін өте тамаша күн болды. Баршаңа қайырлы түн", - деп жазды ол.
Ал әншінің суретін көрген тыңдармандары: «Иә, қыздардың есін алатын сурет », «Тамаша, ұят ештеңе көріп тұрған жоқпын», «Міне, көптен күткен сурет, сені әлем таниды, сондықтан мұндай суреттің болғаны заңдылық», «Керемет, бұрынғы бала Димаш жоқ екен, енді әдемі мүсіні бар нағыз жігіт Димаш пайда болыпты», «Есімнен адасатын шығармын» деген сияқты пікірлерді қарша боратқан.