Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Жүлдені табыстау салтанаты маусым айында Мәскеудегі "Мегаспорт" спорт сарайында өтеді деп жоспарланып отыр. Телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров шараға Димаштың қатысатынын қуана хабарлады.
"Жүлденің арнайы қонағы - әлемдік сенсация, қазақ әншісі Димаш Құдайберген болмақ. Бұл әншінің ерекшелігі - вокалдық қабілетінде. Димаш ердің де, әйелдің де - барлық регистрлерде керемет ән салады. Бас та, сопрано да, ысқырық регистрі де Димашқа бағынған. 24 жастағы әртістің қоржынында әртүрлі 35 музыкалық жүлде бар", - дейді Арман Дәулетияров.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Димаш америкалық The World's Best шоуына қатысуда. Екінші кезеңде Димаш Селин Дионның All by Myself әнін шырқап, 30 жастағы монах әйел Кристинадан басым түсті.