Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік спортшыға жазба арнады.
"Достар мен Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көрші елдің талантты спортшысы, қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын. Қыз небәрі 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерін көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды Димаш.
Ресейлік спортшы командалық турнирде 2022 жылғы Ойындардың чемпионы атанып, допинг дауынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті. Еркін бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы турнир 17 ақпанда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған еді. Кейін CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.