Димаш Құдайберген Қытай фанаттарына тағы да қазақша ән айтып берді

Димаш Құдайберген пандалардың отаны саналатын Қытайдың Чанша қаласына барған сапарында өз жанкүйерлеріне тағы бір мәрте қазақша ән салып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Бұл жолы ол «Анаға сәлем» әнін орындады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш әлем бойынша тұңғыш рет “I’m in China” жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми бірінші елші атанды.

“Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде “не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еңіп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие” деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануар әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді! Мен кеше олармен кездестім. Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет “I’m in China” жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!” – деп жазады Димаш.