Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті

«Бір жыл бұрын I am singer жобасында бағымды сынаған едім. Бүгін мен гала-концертте қонақ ретінде қызыл кілем үстімен жүріп өттім», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде әншінің тыңдармандары оны құшақ жая қарсы алып, қошеметтерін аямады.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің жұлдызды жолы I am a Sınger жобасынан басталған еді. Әншінің дарындылығына отандастары ғана емес, Лара Фабиан және Джеки Чан сынды әлемдік жұлдыздар да қайран қалды.