Димаш Құдайберген қытайлық фильмді дубляждады

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады.

Қытай мифтері мен аңыздарына сүйенсек, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретеді. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға.

Қытайлық БАҚ хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.