Президент күні қарсаңында Қанат Айтбаев “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралыДимаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде жарияланған болатын.
Қанат Құдайбергенұлын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтаған.
“Құрметті Қанат Құдайбергенұлы! Елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қосып келе жатқан азаматтық үлесіңіз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін және мықты денсаулық пен бақыт тілеймін”, – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
"Мені осы деңгейге жеткізген
@kanat_sveta_aitbayevtar ағатайым тілді дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен марапатқа ие болып отыр. Құттықтаймын!!!!) Менен сенің еліктейтін, үлгі тұтатын адамың кім деп сұраса, ойланбастан ағатайымды айтамын. Бізге үлгі болып жүре беріңіз. Қазақ тілі әлемдік тіл болуы керек! Қазақ тілін біле тұра, сөйлегісі келмейтін жастардың құлағына алтын сырға!!!", деп бөлісті әнші.