24 жасында әлемге атағы шығып, әйгілі болған Димаш Құдайберген қазақстандық қана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыздардың арманына айналғаны өтірік емес. Сымбаты келісті, ұзын бойлы, бастысы үлкен дарынға ие жігіттің жұмысы көп, ал жеке өміріне уақыты жоқ тәрізді. Алайда әншінің ата-анасының келін түсіру туралы арманы жоқ емес.
Ал болашақ келіні туралы айтқан ата-анасы «Тақиялы періште» фильміндегідей келінді өздері іздемек емес. Таңдауды Димаштың өзіне берген.
«Әрине, бұл оның жүрек таңдауы. Алайда біз келіннің менің жұбайым сияқты болғанын қалар едік», – деп күлді Қанат Айтбаев.
Айта кетсек, әнші күні кеше ғана “Dimash” деп аталатын шәйін ұсынды.