Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті


Той орталығының басшысы әрі продюсері Жан Мұқанов Димаштың қаламақысының бұрынғымен салыстырғанда еселеп артқандығын айтып берді.

“Димаш Құдайбергеновтің бүгінгі қаламақысы 15 мың доллар. Осыдан бір ай бұрын ғана оның қаламақасы небәрі 2 мың доллар болатын. “Музарт” Майра Мұхамедқызы сынды әртістердің өздері 10 мың доллар алады”, – дейді ол.

Байқау 14 кезеңге жалғасатындықтан Димашты тойға шақыру әзірге қиындық туғызуда. Десе де сұраныс көп дейді Мұқанов.

“Димашпен біраз қиындықтар бар. Себебі ол қатысып жатқан жоба 14 кезеңге жалғасады, сол себепті біз оған тиісіп жатқан жоқпыз. Байқау аяқталмайынша, бірдеңе айту қиын. Ал негізінде оған сұраныс жоғары, оның қаламақысын нақты біліп отырғанымыз да сондықтан. Бір жағынан, ол қазір байқауда болғандықтан да ақысы тым жоғары. Димаштың Чанша қаласынан бері қарай келудің өзі қиын. Сондықтан да не себепті қаламақысы жоғары екенін түсінуге болады. Жалпы жақын арада оның ақысы 25 мың долларға дейін көтерілсе де таңғалмаймын”, – дейді ол.