Димаш Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен «Beauty Touching At Chinese» қайырымдылық шарасының құрметті қонағы болып, «Memories That Can't Take Away» әнін шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, кешті ұйымдастырушылар, отандасымызға «Жылдың шебер шетелдік өнер адамы» марапатын табыстады. Димаш өз кезегінде осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға ат салысып жүрген адамдарға алғысын білдірді.
Кеш жүргізушісі Димаштан Қытайдан қалыңдық табу туралы ойын сұрады. Әнші бұл сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді. «Қалыңдығым туралы мәселе әзірге құпия», - деді Димаш. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген осы жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орын жеңіп алды. Отандасымыздың талантты өнері көптеген қытайлық және басқа елдердің жанкүйерлерін тәнті етті. Сонымен қатар, Димаш қытайдағы көптеген музкалық марапаттауларды жеңіп алды.