Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, концерт 11 наурыз күні өткен. Онда Димаш француздың “SOS Dun Terrien” әнін, Лара Фабианның Adagio-сын және қытай тіліндегі “Күзгі мұң” әнін орындаған.

Қазақстандық жанкүйерлер Димаш үшін алаңдап жатыр. Олардың пайымдауынша, Қытайдағы “Singer” жобасын ұйымдастырушалар Димаштың денсаулық жағдайын ескерместен, бұл концертке әдейі қатыстырған болуы мүмкін. “Осылайша қытайлықтар Димашты ақтық кезеңге жібермей қояды” дейді олар.


Есте болса, өткен сенбіде “I am a Singer” байқауының 8-кезеңі эфирден берілді. Онда Димаш қытай әнін орындап, бесінші орын алды. Димаштың бұл кезеңде орындаған әніне мына сілтемеге өту арқылы дауыс бере аласыз. Ал 9-кезеңде Димаш әлемге атақты Селин Дионның әнін айтып, екінші орынға көтерілді.