Димаш туған күнін Қытайда атап өтпек

Әнші Димаш Құдайберген биылғы туған күнін Қытай астанасында атап өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық ent.ifeng.com сайтының мәліметінше, Димаш өзінің туған күн кешінде өз жанкүйерлеріне тосын сый жасамақ. «Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің құрметіне 24 мамыр күні Бейжің қаласында «Тосын сыйға толы туған күн кеші» тақырыбындағы кездесу ұйымдастырмақ. Бұл әншінің өз туған күнін шетелде тұңғыш рет өткізуі. Димаш осы кездесу үшін көптеген жаңа шығармаларын дайындап отыр. Бұл кездесуде ол Қытайдағы алған әсерлерімен, ойларымен бөліседі», - деп жазады аталмыш сайт. Бұл ақпаратты әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов те растап, Фейсбуктағы өзінің жеке парақшасына «Димаштың туған күні - тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу Бейжің қаласында!», - деп жазды.