Келесі бөлімнің аңдатпа ролигінде Димаш Құдайберген түскен кадрлар көрсетілген. Онда жоба жүргізушісі Джеймс Корден Димаштың мәлімдеме жасағалы тұрғанын қазылар алқасына жеткізді деп жазды sputniknews.kz
Бағдарламаға келгендердің бәрі ауыздарын ашып қалыпты, ал әділ қазылардың бірі Ру Пол қазақ әншісіне: "Сен қайда келгеніңді білдің емес пе!", - деді.
Димаш Құдайбергеннің Facebook желісіндегі
фанклубында тыңдармандар осы видеоны көргендегі таңданыстарын жасыра алмай, қызу талқылап жатыр. Көпшілігінің пайымдауынша, Димаш жобадан өз еркімен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдемек.
Димаштың шешімі қандай болса да, фанаттары құптап, қолдау көрсетуге дайын отыр.
Еске сала өтсек, өткен турда миллионды бағындырған дарынды әнші All by Myself әнін орындап, 30 жастағы монахиня Кристинадан басым түскен болатын. Ол кезде есеп 94:39 болып, Димаштың пайдасына шешілген.