Димаштың анасы ұлының қайтыс болғаны туралы мәлімет тарағанда қандай күйде болғанын айтты

Димаштың қайтыс болғаны туралы тараған жалған ақпарат оның анасы Света Айтпаеваға ауыр тиген. Өз сөзінде әншінің анасы жалған ақпарат таратушыларға шара қолданылатынын айтты.

«Жаман қауесет, мәлімет адамның көңіліне тиеді. Бірақ біздер қазақтар кез-келген дүниеден жақсылық іздеп отырамыз ғой. Баламыздың ғұмыр-жасы ұзақ болады екен деп тілейміз. Мұндай негатив дүниені айтпау керек. Әркімнің тәрбиесі әртүрлі. Алайда барлығы да заңның аясында бақыланады. Ондай кісілерге шаралар да қолданады», – дейді Света Айтпаева.

Ал Димаштың әкесі Қанат Айтпаев ұлы туралы желіде жалған ақпарат таратқан адамды тауып алыпты. Десе де оның қандай жазаға тартылғаны туралы айтпады.