Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында концерт алдында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді шырқаған видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz.
Видеода әнші адырнаның сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін орындады.
«Атадан қалған мұра. Көне аспап адырнаны тыңдап, жүрегім дір етті», – дейді әнші видеода.
Loading...
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өте сезімтал жан екенін айтып, әнді орындауына тәнті болды.
«Даусыңыз керемет екен», «Меруерт, әнді керемет айтасыз. Даусыңыз өте әдемі», «Жүрекпен тыңдай білгеніңізге рахмет», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Айта кетсек, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева “Қазақстан” арнасының эфирден өзінің әнін қиып тастағанына қатысты
пікір білдірді.
Оқи отырыңыз:
Министр: Мен аты аңызға айналған Головкинге рахмет айтқым келеді
«Өзі кигісі келмей, Гүлнұрға бере салған ғой»: Қарақаттың сыйлығы жұртқа ұнамай қалды
Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды