Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отбасылық бейнежазбаны Қанат Айтбаев Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады. Онда өзі домбыра тартып отырса, әлі кішкентай Димаш барынша билеп жүр. Желідегі оқырмандар танымал әншінің бала кезіндегі сүйкімді қылықтарына тәнті болды. Аталған видеоны жүздеген адам бөлісіп үлгерді. Бұған қоса түрлі пікірлер жазып қалдырды.
"Кішкентай кезінде де сондай сүйкімді екен", "Біздің сүйікті Димаш", "Димаш сәби кезінен-ақ бидің төресі екен ғой" , " Тәтті балапан" - деп жазды көпшілік қауым.