Димаштың суреті Нью-Йорктегі ең үлкен LED-экранға қойылды

Бұл туралы Димаштың менеджері Алпамыс Шаримовтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасай отырып, Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

"Бұл фотошоп емес! Бұл - әлемнің ең жарқын қалаларының бірі - Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен ЛЭД-дисплей! 101 FM радиомедиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлерінің, Dears-тың ықпалымен Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт өкілдері, Таймс-сквердегілердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!" деп жазады А.Шаримов.