Дін жағына көп барғым келмейді. Өйткені онымен көбіне халтурщиктер айналысып кетті - Асқар Жұмаділдаев


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Дін жағына көп барғым келмейді. Өйткені қазір онымен көбіне халтурщиктер айналысып кетті. Саясатқа айналдырып жіберді. Орамал таға ма, тақпай ма, балағын ұзарта ма, ұзартпай ма, онда тұрған не бар? Қаласа – тақсын, қаламаса – тақпасын. Сол да таласатын нәрсе ме?!
Компьютерді ойлап тапқан – еврейлер, машинаны ойлап тап­қан – ағылшындар, тағы басқа техника түрлерін ой­лап тапқан – немістер, неге солардың арасы­нан бір жаңалық ойлап табатын мұсылман шық­пайды? Таласса, осы сұрақтармен талассын!

Діндарлар «бір-біріңді сыйлаңдар, жақсы көріңдер», – деп айтады, іс жүзінде бәрі бір-біріне қарсы. Жеп қоюға дайын".

ОЙ ИЕСІ: АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ
(математик)
/жазып алған: Б.Сәрсенхан/