Динагүл Тасова: Құран оқуды білсем – хиджап киіп, дұрыс жолда жүру керек деген сөз емес

Басты себеп – жалаңаштануында емес! Осыдан біраз уақыт бұрын «Арақ ішемін және құран оқимын» деп сұхбат беруінде болса керек.

Сәнбикенің сөзінше, ғаламторды шулатқан видеоның тақырыбы елді дүрліктіру мақсатында арнайы монтаждалған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен сол сұхбаттан кейін ыңғайсызданып жүрмін. Екінің бірі маған қолын шошайтып айтатын болды. Мен ондайға қатты төзе бермейді екенмін. Сондықтан менің жүйке жүйеме кері әсерін тигізіп жатыр. Арақ ішіп болған соң, құран оқитынға келтіріп қойды. Негізі бұл дұрыс емес нәрсе. Сондықтан, халыққа дұрыс ақпаратты берсеңіздер. «Мен ғана құран оқуды білемін» - деп айта алмаймын. Қыз баланың құран оқып білгені өзіне жақсы. Мен құран оқуды білсем – хиджап киіп, дұрыс жолда жүру керек деген де сөз емес. Негізі «құран оқимын, арақ ішемін» деген монтаждалып қойылған», - дейді Динагүл Тасова.

Бұрындары мешітке жиі бас сұғатын модель, қазіргі таңда аталған жерге баруды сиреткен. Динагүлдің бұл шешіміне себеп те жоқ емес. Алланың үйінде бикешті көрген көпшіліктің көзіне бірден жалаңаш төсті Тасова елестейтін көрінеді. Өйткені, жақтырмаған жұрттың жанарынан байқаған. Мұндай жағдайда желі жұлдызы өзін жайсыз сезінетін секілді. 

«Мешітке көзқарасым жақсы. Қазір бұрынғыдай көп бара алмаймын. Адамдардың көбі танып отырады. Ер адамдар мешітке көп барады. Танып жатқандары да бар арасында. Қолымнан келгенше көмегімді беріп тұрамын. Сондықтан, амалдардың барлығын үйде жасаймын. Нан пісіріп, құран оқып, ниеттеніп жүремін», - дейді Динагүл діни көзқарасы туралы.