Динамолық ұйымдардың Халықаралық үйлестіру кеңесінің мәжілісіне 15 елдің 12-сі өздерінің қатысатынын растады - Асқар Омарқұлов

ҚР «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловтың айтуынша, бұл жиынды кеңес төрағасы, Бүкілресейлік «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының орынбасары Владимир Тимошин жүргізеді. Оған қазіргі кезде бүгінгі таңда 12 елдің өкілдері өздерінің қатысатынын растады. Халықаралық үйлестіру кеңесінің бұл отырысында спорт қоғамдарын дамыту мәселелері мен олардың бірлескен жұмыстарының келешегі, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдердегі динамолық ұйымдардың спортшыларының қатысуымен 2011 жылы өтетін «Динамиаданы» ұйымдастыру жоспарлары талқыланады. Жалпы бұл кеңес динамолық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2002 жылы құрылған болатын. Бүгінгі таңда оған 15 ел мүше боп кірсе, 3 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр.