Динамошылар Лондон Олимпиадасында медаль саны бойынша Бейжіңдегі жетістігін қайталады

Қытай астанасындағы дүбірлі додада олар 2 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль олжалаған еді. Бұл жолы 5 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлденің иесі атанды.

Бұған дейін динамошылар 1992 жылдан бері 4 Олимпиадаға қатысып онда 34 медаль иеленген болатын. Оның 8-і алтын, 14-і күміс, 11-і қола жүлде болған еді. Бұл жолы зілтемірші Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин мен велошабандоз Александр Винокуров алтыннан алқа тақты. Ал боксшы Әділбек Ниязымбетов күміс, оның командаласы Иван Дычко, әйелдер боксынан Марина Вольнова, грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, әйелдер күрекіснен Гузель Манюрова, еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды. Соның нәтижесінде динамошылардың олимпиада ойныдарында жеңіп алған медальдерінің саны 44-ке жетіп отыр. Ал оның 13-і алтын, 15-і күміс, 16-сы қола жүлде.