Динара Сәдуақасова әлемдегі 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты

Финалдық раунд алдында оқ бойы озық тұруы біздің спортшының қарсыластарынан, олардың шеберлік деңгейлерінің жоғары болғанына қарамастан, әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Динараның қарсыластары - мықты деген 65 шахматшы қыз, 42 елдің чемпиондары. Ойын нәтижесінде спортшы 11 ұпайдың 10-ын жинады. Осылайша өзімен бірге турнир бойы бәсекелескен германиялық Osmanodja Feliz-дан бір жарым ұпайға алға озды. Үшінші орынды 8 ұпаймен қытайлық Xiao Yiyi алды.

Айта кетейік, әлемдік титул - елордалық шахматшы қыздың қоржынындағы үшінші ірі жүлде. Ол 14 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанған болатын. Айту керек, Динара Азия мен әлемнің үш дүркін вице-чемпионы.

2014 жыл - Динара үшін сәтті жыл болды. Халықаралық жарыстардағы, сондай-ақ, Норвегиядағы Олимпиаданың керемет нәтижелері мен Дурбандағы әлем чемпионатының алтын медалі Динараға әлемнің 100 мықты шахматшы қыздарының тізімінде 53-орынға жайғасуға мүмкіндік берді.