Динара Сұлтанның күйеуі белгілі шенеунік болып шықты

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды 365info.kz  сілтеме жасап. Ақпарат Казнетте, әсіресе отандық Instagram парақшаларында пайда болған. 

Динараның өмірлік жары Күрес федерациясының вице-президенті — Ерлан Қожасбай. Әншінің жары өзінен 17 жас үлкен. Жұбайлардың таныстығы отандық телеарналардың бірінде көрсетілген «Екі Жұлдыз» жобасында бастау алған екен.

Ерлан Қожасбай. Фото - el.kz

Осы уақытқа дейін жұбайын жасырып келген әнші Ерланның өзі ел алдына шыққысы келмейді дейді.


"Күйеуге көз тиюі мүмкін" 

Мен енді отбасымды көп көрсетпеуге тырысамын. Ешқайда шықпау — өзінің ойы, сондықтан мен күйеуімді шығармаймын. Қалжыңдап көз тиеді деп айтқаныммен, оның өзі ел алдына шыққысы келмейді», — дейді Динараның өзі.

Динара мен Ерланның «Екі Жұлдыз» жобасындағы ән шырқауы: