”Дінде бөле сияқтыларға үйленуге рұқсат бар” - дінтанушы Данияр Кенжеұлы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видео барысында дінтанушы “жеті атаға дейін “бөле секілді” деген нәрселерге дінде рұқсат бар. Бірақ ол орындалуы керек емес” деп айтқан.

Данияр Кенжеұлының осы сөзі желіде желдей есіді.

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы пікір білдірді.

”Данияр деген азамат Ақтөбе медресе колледжі деген мекеме бар. Ол сол жерде ұстаз болып жұмыс жасаған еді. Даулы сөздеріне қатысты мәселеден кейін оған ескертулер беріліп, қажетті шаралар қолданылған. Тіпті жұмыстан бостау жағдайлары да орын алған еді. Ал енді ол кісінің жеке айтқан сөздері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми пікірін білдірмейді”, - деді.