Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол исламның дәстүрлі емес ағымының белсенді жақтаушысы бола отырып, діни араздық пен алауыздықты тудыратын әрекеттерге барған. Атап айтқанда, 2013 жылдың күзінде www.youtube.com және www.vmusice.net сайттарындағы интернет-ресурстар арқылы азаматтардың дінге қатыстылығы бойынша олардың ерекшелігі мен артықшылығын насихаттайтын «Мираса аль Казахстани» авторлығымен 12 аудиодәріс орналастырған. Сонымен бірге экстремистік сипаттағы аталмыш аудиодәрістерді Испаев ғаламтор пайдаланушыларына, сондай-ақ БҚО аумағында және басқа облыстарда тұратын өзінің дінге көзқарасы бір таныстарына жіберген.