Діни басқарманың қарауында ешқандай балалар лагерлері жоқ

Ресейлік оқушылар сонда демалуға жіберілген екен, делінген "Астана" , "Ақ орда" сияқты рухани сауықтыру мұсылман лагерлерінің Діни басқармаға еш қатысы жоқ, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аппаратының жетекшісі Ғылымбек Мажиев.


           Сонымен қатар, ол атап өткендей, Алтай Республикасында экстремистік сипаттағы қылмыс жасады деп айып тағылған Сержан Сватовқа да діни басқарманың еш қатысы жоқ.
           Оның деректеріне қарағанда, басқарма қарауында "Астана" деген медресе ғана бар, бірақ онда мектеп бітіргендер ғана алынады. Онда оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Бұдан басқа біздің қарауымызда не медресе, не лагерь жоқ, деді ол.